2021-2022 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес «Денсаулық апталығы» өткізілді. » Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 2021-2022 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес «Денсаулық апталығы» өткізілді.
08
сентябрь
2021

2021-2022 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес «Денсаулық апталығы» өткізілді.

«Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Іле аудандық білім бөлімінің»  2021 жылы 1 қыркүйектегі №203-бн/қ  бұйрығын басшылыққа алып,  тәрбие жұмысының 2021-2022 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес «Денсаулық  апталығы» өткізілді. Апталықтың өтуі жөнінде мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес              2 «Б», «Г», «В», 3 «Ә», «В», 4 «В», «Ж», 5 «Ә»,  «Б», 6 «А», «Д»,  7 «А», «Б», 8 «Ә», «З», 9 «А», «Г», «В», 10 «Ә»  сыныптарында «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында  сынып сағаттары өткізілді. Мектеп фаесіне бейнелеу пәні мұғалімі М.Тажманованың ұйымдастыруымен 5-6 сынып арасында «Спорт – денсаулық негізі» атты  сурет көрмесі  ілініп, педагог-ұйымдастырушы Б.Калдыбаеваның басшылығымен 5 сыныптар арасында «Салауатты  өмірді қолдаймыз»  тақырыбында флешмоб  өткізілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында «Басты байлық - денсаулық» эстафеталық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, жеңген оқушылар марапатталды. 
ДТІЖО А.Байарыстан, М.Абенова, педагог ұйымдастырушы Б.Қалдыбаева және дене шынықтыру әдістеме бірлестігінің ұйымдастыруымен 8 қыркүйекте мектеп алаңында 5, 9-10 сыныптар арасында «Денсаулық фестивалі -2021» байқауы өтті.  Байқаудың жоспарына  сәйкес  эстафеталық жарыстар, кермеге тартылу, ұзақ қашықтыққа жүгіру  және  «Салауатты өмір –ұлт саулығының кілті»  тақырыбында спорттық ойындар  ұйымдастырылды. Байқаудың нәтижесі: 5  сыныптар арасында эстафеталық жарыстар бойынша І орынды  5«З»,  5 «Г» сыныптары, ІІ орынды         5«В», 5«Д»,  ІІІ орынды 5«Ә», 5«Б»» сынып оқушылары қанжығасына байлады. Қалған сыныптар қатысқандары үшін мақтау қағазымен марапатталды.                           9-10 сыныптың қыздар арасында 1000 м қашықтыққа жүгіруден  І  орынды Матвеева З. 9«В», ІІ орынды Холдина Е. 9«Б», ІІІ орынды Садық Ұ.                      9«Д» оқушылары иеленді. Кермеге тартылудан І орынды Аслан Е. 9«Г», ІІ орынды Нұрғиса М.  10«А»  мен  10 «Ә» сынып оқушысы Рамазан А. өзара бөліссе, ІІІ  орынды  9«Б» сынып оқушысы Устинов Д. иеленді. Сонымен қатар  жоспарға сәйкес  футболдан  І  орынды мектеп ұстаздары,  ІІ  орынды   9«А», ІІІ  орынды 9«Ә» сыныбы қанжығалады.  Апталық жоғары деңгейде өтті.