БІР РЕТТІК ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК АЛУҒА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ! » Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІР РЕТТІК ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК АЛУҒА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ!
10
апрель
2024

БІР РЕТТІК ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК АЛУҒА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ!


ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті білім алушылардың ата-аналары және заңды өкілдері!
Сәуір айының10-30 аралығында білім алушылардың жекелеген санаттарына
2024-2025 жаңа оқу жылына қажетті мектеп формасы және кеңсе құралдарын алуға
БІР РЕТТІК ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК АЛУҒА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ!
Құжаттар дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-17.00 (13.00-14.00 түскі үзіліс) аралығында қабылданады.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. Өтініш берушінің жеке куәлігінің КӨШІРМЕСІ және ТҮПНҰСҚАСЫ (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2. Өз мәртебесіне сай растайтын құжаттардың көшірмесі:
-әлеуметтік төлқұжат(ЕГОВ қосымшасы арқылы онлайн);
-ата-аналарының қайтыс болуы туралы анықтама;
-некені бұзу туралы куәлік;
-жалғызбасты әке немесе ана екендігін растайтын анықтама;
3. АӘК (АСП) алатынын растайтын анықтама (ЕГОВ веб-портал (онлайн). Ескерту: АӘК (АСП) алатындар осы анықтаманы, жеке куәлік көшірмесі, спец. счет ғана алып келеді.
4. Ата-аналар немесе заңды өкілдерінің табысы туралы анықтама(анасының және әкесінің):
-ата-аналары жұмыс жасаған жағдайда жұмыс орнынан айлық жөніндегі анықтамасы (соңғы 6 айға);
-жұмыс жасамаған жағдай ЕГОВ веб-портал (онлайн) соңғы 6 айға зейнетақы аударымдары туралы анықтама (жұмыс жасамаса зейнетақы аударымдары жоқ деп шығады);
5. Халық банкі (онлайн, Халық банк қосымшасы арқылы) немесе КазПочтадан арнайы 20 цифрлы шот (СПЕЦСЧЕТ) анықтамасы.
Ескерту: Жан басына шаққан үйге кіретін табыс 43407 теңгеден асып кетпеуі тиіс.
Ескерту: Құжаттар әр балаға жеке-жеке өткізіледі.
Көрсетілген уақыттан кешіккен өтініштер қабылданбайды!

Қаржылай көмек ЖАЛҒАН АҚПАРАТ және (немесе) ЖАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ұсынған адамдарға ТАҒАЙЫНДАЛМАЙДЫ. Жалған құжаттар үшін АТА-АНА ЖАУАП БЕРЕДІ.
ХҚКО (ЦОНға) барудың қажеті жоқ!