Іс-шаралар » Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
Мен үлгі тұтатын жан!
12
апрель
2024
Мен үлгі тұтатын жан!
12 сәуір күні мектебіміздің кітапханашылары мен ДТІЖО-ның ұйымдастыруымен «Мен сізді үлгі тұтамын» жобасы аясында мектебімізге Осман Асылы Әлиқызы кездесу кешіне шақырылды. Кеш барысында мектебімізді таныстыра өтіп, арнайы дайындаған концерттік шараны тамашалады. Асылы Әлиқызы мектеп оқушыларына сұхбат бере отырып, мектеп ұжымына өз алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
«Сардар» аудандық олимпиадасы
06
апрель
2024
«Сардар» аудандық олимпиадасы
06.04.2024 жылы Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебінде «Сардар» аудандық олимпиадасы өткізілді. Сайысқа аудан мектептері 10 округке біріктіріліп қатыстырылды. Сайыс барысында әр мектеп түрлі кезеңдерден өтіп, сайыста жеңген 3 оқушы облысқа жолдама алды. Топты жарып шыққан оқушылар: №26 орта мектеп Слямгазинов Аманжол, №6 орта мектеп Ратбек Амирхан, № 39 орта мектеп Бақыт Мейіржан облыстық кезеңге өтті.
Діни экстремизмге жол бермеу-басты міндет
19
январь
2024
Діни экстремизмге жол бермеу-басты міндет
“Діни экстремизмге жол бермеу-басты міндет” онкүндігі аясында 17.01.2024 күні география пәні мұғалімі А.А.Әмешов 10-сынып оқушыларымен “Қазақстандағы қазіргі діни жағдай. Діннің оқушылар арасындағы рөлі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
«Осторожно, гололёд!»
19
январь
2024
«Осторожно, гололёд!»
1”В” сынып оқушыларының қатысуымен «Осторожно, гололёд!» тақырыбында сынып сағаты өтілді. Жетекшісі А.Н.Алимбетова
25 қазан - Республика күніне орай арнайы жоспарға сәйкес өткізілген сынып сағаттары
24
октябрь
2023
25 қазан - Республика күніне орай арнайы жоспарға сәйкес өткізілген
2023 жыл 25 қазан – Республика күні! 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. « Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек » - мемлекет басшысы айтты.
"Қарттырым-асыл қазынам"
29
сентябрь
2023
"Қарттырым-асыл қазынам"
Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап,тыңдай білуге,халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында 1 қазан - Қарттар күніне орай арнайы жоспарға сәйкес "Қарттырым-асыл қазынам" тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді
"1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі"
01
май
2023
"1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі"
Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебінің өнерпаздарының "1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі" күніне орай ұйымдастырылған іс-шара.
"Төрт тоқсан-төрт өнер"
30
апрель
2023
"Төрт тоқсан-төрт өнер"
"Төрт тоқсан-төрт өнер" жобасы аясында абаттандыру, көгалдандыру бойынша атқарылған экологиялық жұмыстар
Жарқыра, жаса -Жас маман!
17
апрель
2023
Жарқыра, жаса -Жас маман!
Мектебімізді 17-24 сәуір аралығында жас мамандар апталығы өтті. 
"Бала қауіпсіздігі- басты назарда!
11
апрель
2023
"Бала қауіпсіздігі- басты назарда!
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде "Қауіпсіз терезелер" республикалық ақпараттық науқанының іс-шаралар жоспарына сәйкес,11.04.2023 ж 8-сынып оқушыларының арасында "Бала қауіпсіздігі- басты назарда!" тақырыбында пікір сайыс өткізілді. Пікір сайыс барысында әр команда мүшелері өз ойымен еркін бөлісті.