Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У » Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
15
август
2023

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

  Алматы облыстық білім басқармасының Іле  аудандық білім бөлімі  ММ"Ә. Молдабеков атындағы № 6 орта мектебі" МКМ ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.
Конкурс төмендегідей лауазымдар бойынша өтетін болады.    1. Қазақ тілі мен әдебиеті (орыс сыныптарына) - 8 сағат 
2. Математика – 16 сағат қазақ сыныбы, 32 сағат  орыс сыныбы
3. Бастауыш сынып мұғалімі – 48 сағат  орыс сыныбы
4. Орыс тілі мен әдебиеті -16 сағат  (орыс сыныбы)
4. Орыс тілі мен әдебиеті -16 сағат (қазақ сыныбы)
5. Ағылшын тілі – 16 сағат  
 6. Химия-8 сағат  (орыс тілінде сабақ бере алатын)                 7. Биология (орыс сыныптары).             8. География (қазақ - 16 сағат , орыс- 16 сағат сыныптары).        9. Кітапханашы-1 жүктеме                              
  Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.
1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8 наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады .
Алматы облысы Іле ауданы КазЦИК ауылы 
Телефон: 872752 41 2 01
Электронды пошта: Ili_kazciksh6@mail.ru