16
октябрь
2023
Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы

Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының-электронды цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар өз беттерімен Халыққа қызмет көрсету орталығының арнайы жабдықталған орындарында мемлекеттік қызмет ала алады. Сұрақтар немесе қандай да қиындықтар туындаған кезде ,біздің бөліміміздің кез-келген қызметкері көмекке келуге дайын және ЭҮП қатысты барлық мәліметтерді беруге дайын.
ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету секторында клиенттер ең қажетті құжаттарын (зейнетақы қорынан аударымдар туралы үзінділерді, жылжымайтын мүлік бар не жоқтығы туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке құқықтық ауырпалықтар тіркелімі туралы, сотталғаны бар немесе жоқтығы туралы) анықтамалар, қағаз түрінде алынатын арыздарға мемлекеттік баж салымын төлеуге, сондай-ақ электронды форматта неке қиюға арыз жазуға болады. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының кеңесшілері сіздерге компьютерлік оқуды өткізуге практикалық көмек және кез-келген кеңес беруге дайын, нақтырақ ҚР «электронды үкімет» порталының мүмкіндіктерінің тануға көмектесуге дайын.
Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦИК ауылындағы «Ә. Молдабеков атындағы №6 орта мектебі» МКМ-де 2018 жылдан бері «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жүргізіледі. Алдымен ата–аналарға, оқушыларға электронды цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ), электрондық үкіметтің веб-порталынан өзіне қажетті анықтамаларды алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, сонау ұзын сонар кезекке тұрмай-ақ, үйде отырып өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан ешкімнің көмегінсіз өзіне қажетті қызмет түрлерін алуға мүмкіндік береді. Мектепте орнатылған өзіне өзі қызмет көрсету бұрышынан азаматтар өздеріне жеке кілт аштыра алады, тұрғын үйге немесе бала-бақшаға кезекке тұрады, өздері қалаған білім ордасын таңдай алады... т.с өздеріне керекті қызметтерге қол жеткізе алады. Мектепке қабылдау жұмыстары да қазіргі таңда Egov. Kz және e-zhetysu.kz арқылы жүргізіледі. Мектептегі «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» тек мұғалімдер мен оқушыларға, ата-аналарға ғана емес, жалпы ауыл тұрғындарына да қызмет көрсетіп келеді. Осы мақсатта мектебімізде ашылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына» egov.kz, e-zhetysu.kz порталдарына еркін кіру үшін ғаламторға тіркелген компьютер мен қызмет түрін қағазға басып шығару үшін арнайы принтер қойылған. Ауыл тұрғындарына халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, мектебімізге келіп өздеріңізге қажетті қызмет түрлерін алуға болатындығын ескертеміз.
Ә. Молдабеков атындағы №6 орта мектебі