«Қауіпсіз мектеп автобусы» 2021 жылғы 19-29 қаңтар аралығындағы онкүндік акциясының өткізілуі. » Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қауіпсіз мектеп автобусы» 2021 жылғы 19-29 қаңтар аралығындағы онкүндік акциясының өткізілуі.
01
февраль
2021

«Қауіпсіз мектеп автобусы» 2021 жылғы 19-29 қаңтар аралығындағы онкүндік акциясының өткізілуі.

«Ә. Молдабеков атындағы № 6 орта мектебі» 
«Қауіпсіз мектеп автобусы» 2021 жылғы  19 -29 қаңтар аралығындағы онкүндік акциясының өткізілуі.

Ұраны: «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін».

Онкүндіктің мақсаты: Пандемия кезеңінде балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу. 
      Мектепте 1528  оқушы оқиды, қазіргі пандемияның кезінде 9,11 сынып оқушылары штаттық режимде оқып жатыр. Осы оқушылардың ішінде КазЦИК ауылдық округының 11 саяжайларынан 43 оқушы көлікпен  қатынап оқиды. 43 оқушының 36 – сы мектепке бөлінген автобуспен қатынаса, қалған 8 оқушы ата-аналарының жеке көліктерімен келеді.
Мектепке бөлінген, балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктер техникалық байқаудан өткен, тахографтары бар және жарамды, қозғалыс схемасы жасалынған,  жүргізушілерінің 30 жылдан аса осы салада еңбек жасаған, өз жұмысының мамандары.
 «Балалар» белгісі бар, жаяу жүргіншілерге арналған «жатқын полицейлер» мектеп жанына құйылған. 
Балаларды тасымалдайтын автобустарда арнайы жарық  және дыбыс сигналдары бар. 
 Автобус іші таза,  оқушылардың отыруына жағдай жасалған.
Қазіргі уақытта санитарлық нормаларының сақталуын мектеп медбикесі  қадағалап тұрады. Мұғалімдерден және мектеп әкімшілігінен кезекшілік сайланған,  оқушылардың уақытында келіп кетуін, техникалық қауіпсіздікті сақтауын күнделікті  бақылауда.
Ә. Молдабеков атындағы № 6 орта мектебі ұстаздары және оқушылары жоғарыда аталған акцияға белсене қатысты. 
Жоспар бойынша әр сыныпқа тапсырма беріліп, төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.
Жол қозғалысы ережелері туралы парақшалар мен брошюралардың таратумен жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтарын өткізді.
- бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін «Жарқын бол!» тақырыбында онлайн режимінде сынып сағаттарын, суреттер байқауын  өткізді.
- жол қозғалысы ережелері туралы әлеуметтік роликтерді көрсету арқылы онлайн ақпараттық –түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шаралар уақытында өткізіліп, әлеуметтік желілер «facebook», instagram»  парақшаларына жарияланып отырды.

«Ә. Молдабеков атындағы № 6 орта мектебі» 
директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары:
 Чингисова Альбина Мамархановна