№ 8 МАРАПАТҚА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАРАУ ТУРАЛЫ » Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 8 МАРАПАТҚА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАРАУ ТУРАЛЫ
03
июль
2023

№ 8 МАРАПАТҚА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАРАУ ТУРАЛЫ

№ 8 МАРАПАТҚА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАРАУ ТУРАЛЫ ХАТТАМАДАН ҮЗІНДІКӨШІРМЕ


27.06.2023 ж.


КҮН ТӘРТІБІ

1. Жекенова Акерке Курмангазиевнаны «Алматы облысының білім басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің  грамотасымен марапаттау туралы мәселені қарау..

               

               Бірінші мәселе бойынша директордың орынбасары Садықова К.Б. сөз сөйледі:

          Жекенова Ақерке Құрманғазықызы өзінің еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы, №126  мектеп-гимназиясында математика пәнінің мұғалімі болып  бастаған.

               2003 жылдан 2014 жылға дейін Каспий қоғамдық университетінде аға оқытушы болып жоғары математика, дискретті математика пәндерінен дәріс берген. 

            2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін Іле ауданы КазЦИК ауылы « №6 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық  мекемесінде  қызметін атқарып келеді.  

             Ұстаздық жолында жеткен жетістіктері орасан зор. Атап айтсақ, республика, облыс көлемінде озат іс-тәжірибесін тарату мақсатында конференция, семинарларға қатысып, шебер сынып үлгілерін көрсетіп, жүйелі жұмыстар атқаруда. 

            А.К.Жекенова мемлекеттік қорытынды аттестаттау материалдарын тексеру жөніндегі комиссиясының мүшесі болып табылады («Алматы облысының білім басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің бұйрығы № 288-н 13.04.2023ж.). А.К.Жекенова 2016 жылдан бастап математика, информатика және физика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, 2021 жылдан бастап аудандық математика пәні мұғалімдері ассоциациясының мүшесі

           Ақерке Құрманғазықызы жыл сайын аудандық пән олимпиадаларының, ғылыми жобалардың, оқушылар мен ұстаздар арасындағы түрлі байқаулардың қазылар алқасының мүшесі.

            А.К.Жекенова «Математика сабағында ақпараттық технологиялар арқылы                                оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту және білім сапасын   арттыру» мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп,мазмұнды іс шараларды өткізіп жүр:

1.            2018ж.-« Алматы облыстық  білім басқармасы» ММ «Әдістемелік кабинеті МКҚК»  математика мұғалімдерінің облыстық олимпиадасына қатысқаны үшін  алғыс жариялады

2.            2018ж. -Аудандық білім бөлімі дарынды оқушылардың нәтижелі де сапалы жетістіктерге жетуіне жетекшілік еткені үшін марапаттады.

3.            2018ж. - Аудандық білім бөлімі дарынды оқушылардың нәтижелі де сапалы жетістіктерге жетуіне жетекшілік еткені үшін марапаттады.

4.            Іле ауданының әкімдігі  алғыс жариялады

5.            2015ж.-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және гүлденуіне қосқан үлесі үшін марпаттады

6.            2018 жылы – 6-Халықаралық математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы.  4-орын . Мақтау қағазы 

7.            2019 жылы – 7-Халықаралық математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы. 2-орын . Мақтау қағазы БжҒ вице-министрінен

8.            2019 жылы –1- республикалық математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы. 2-орын. Алматы қаласындағы  математика және физика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырған.

9.            2022 жылы – 9-Халықаралық математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы. 3-орын . Мақтау қағазы БжҒ вице-министрінен

10.          2023 жылы республикалық математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» олмпиадасының облыстық кезеңінде командалық 1орынға ие болды

11.          2022 жылы  математика мұғалімдеріне арналған «Комбиноторика»  кітабы (теория мен есептер шешімдерімен) жарыққа шықты.                                                                                      


А.К.Жекенова дарынды балалармен жұмысты жүйелі жүргізе біледі: 

1.            2015ж – оқушысы Сержанов Біржан халықаралық математика жазғы мектебін бітірді

2.            2018ж. -аудандық «Зерде» ғылыми жоба конкурсы, оқушылары Жанұзақ Райымбек пен Даубаев Заманбек III дәрежелі диплом 

3.            2018ж.-аудандық пән олимпиадасы, оқушысы Ғайдынғали Зейнеп III дәрежелі диплом  

4.            2019ж.-аудандық пән олимпиадасы, оқушысы Дәулеталы Әсем I дәрежелі диплом 

5.            2020ж-Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиада, оқушысы Жанұзақ Райымбек 2-дәрежелі дилом

6.            2020ж-жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада, оқушысы Жанұзақ Райымбек 3-дәрежелі дилом

7.            2023ж.-аудандық пән олимпиадасы, оқушысы Аубакирова Айша I дәрежелі диплом  



     Жекенова Ақерке Құрманғазықызы тәлімгерлік қызметті де сапалы атқарып келеді. Тәлім алушы жас маман Ордабай Әселмен бірге аудандық «Педагогикалық тандем» конкурсында жүлделі 1-орынға ие болды. 

    Жекенованың тәлім алушысы Даубаева Айсәуле Қазақстан математика пәні қауымдастығы ұйымдастырған республикалық математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында 3-орын иеленді

    А.К. Жекенова ұжымның алдында белгілі мақсаттар мен міндеттер қоя біліп, табысқа жетуде шығармашылық істерімен көзге түсіп, өзінің білімділігімен, жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық қабілетімен, қазіргі заманға сай еңбек етуімен зор жетістіктерге жетуде. Қызмет жасап отырған ұжымның ішкі тынысына, олардың әлеуметтік жағдайларына үнемі көңіл бөліп отырады. Білікті ұстазға білім алушылар мен ата-аналар ризашылықтарын білдіруде. 

    Осы уақыт аралығында А.К.Жекенова өзінің білімділігімен, жан-жақтылығымен, қазіргі заманға сай жаңашылдығымен білім беру барысында оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып, оқушы білімін нақтылау   мақсатында өмірмен байланысты дәлелдер мен мысалдарды  келтіріп, жоғары деңгейде сабақ өтумен бірге мектептің үздік мұғалімі ретінде  ұжымның әр мүшесінің  өзіндік дамуы мен шығармашылық жетістіктерге жетуіне әдістемелік көмек беріп, жоспарлы жұмыс атқаруда. Әдістемелік бірлестік жетекшісі ретінде жас мамандарға оқыту мен тәрбиедегі озық әдістерді шеберлікпен қолдануды тәжірибеде меңгертуге көмектеседі Шәкірт жүрегіне жол тауып, білім беруден шаршамайтын жан.      


ҚАУЛЫ:

               Жекенова Ақерке Құрманғазықызы «Алматы облысының білім басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің  грамотасымен марапаттау талаптарына сәйкес келеді.