27
апрель
2022
«Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті»


Алматы облысы Іле ауданы КазЦИК ауылы «Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2022 жылдың 27 сауір күні «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында ұжыммен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге мектеп ұжымы, жаңадан жұмысқа қабылданған жас мамандар және КазЦИК ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы, заңгер Д.Жақыпбеков қатысты. «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Момынова баяндама оқыды. «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс қимыл заңын және сыбайлас жемқорлықтың себептері» тақырыбында Д.Жакыпбеков өз ойын ортаға сала отырып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңына сәйкес заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда қылмыстық-әкімшілік жауапкершілік қолданылатынын қазіргі таңдағы мектепке келген жас мамандарға ерекше таныстырып, түсіндіріп өтті.