2020-2021 Оқу жылы бойынша мүмкіндігі шектеулі және үйден оқитын оқушылармен жасалынған жұмыстардың есебі » Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2020-2021 Оқу жылы бойынша мүмкіндігі шектеулі және үйден оқитын оқушылармен жасалынған жұмыстардың есебі
12
февраль
2021

2020-2021 Оқу жылы бойынша мүмкіндігі шектеулі және үйден оқитын оқушылармен жасалынған жұмыстардың есебі

2020-2021 ағымдағы оқу жылында мектебімізде психологиялық- медициналық педагогикалық консультацияның (ПМПК) және дәрігерлік- консультациялық комиссияның (ВКК) қорытындысы негізінде үйден оқытылатын 7 оқушы анықталды. Олардың төртеуі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйегіндегі № 441 бұйрығына сәйкес оқу жоспарының жалпы бағдарламасы мен оқытылса, екі оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығына сәйкес оқу жоспарының көмекші бағдарламасымен, бір оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығына сәйкес оқу жоспарының ақыл-ой функциясының бұзылуы бағдарламасымен оқытылады.Аталған оқушыларға бағдарлама бойынша сабақ өткізетін 20 мұғалім бөлінген, сабақ жоспарлары жасалынған.
Мектеп әкімшілігі тарапынан сабақ кестесі жасалынып, бекітілген. Сынып жетекшілері тығыз байланыста отырады. Пән мұғалімдері сабақтарын кестеге сай өткізуде. ДОІЖО - Чингисова А.М., әлеуметтік педагог - Аблаева Г.К., психолог - Кулахмет К.Е., дефектолог - Жусупова Т.К. үйлеріне барып ата-аналары және балалардың өзімен сұхбаттасып тұрады. Жалпы бағдарламамен оқитын оқушыларға мұғалімдер үйлеріне барып оқытады, басқа бағдарламамен оқитын оқушыларға онлайн сабақтар өтуде. Мұғалімдер онлайн сабақтарында әр түрлі платформаларды пайдалануда, атап өтсек «kundelik.kz», « Whatsapp», « Онлайн-мектеп», « Zoom» т.с.с.
Мектебімізде жалпы мүгедектік анықтамалары бар 11 оқушы анықталды, олардың 8-і мектеп партасында отырса, 3-і үйден оқытылады. Бұл оқушыларғада мектеп және ауылдың әкімдігі үлкен көңіл бөліп отырамыз. Қазақстанда инвалидтер күні деп жарияланған күнге орай ауылдың әкімдігі депутаты, мектеп әкімшілігі балаларға тәтті тағамдар және сыйлықтар ұйымдастырды.