Әнуар Молдабеков жайлы » Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әнуар Молдабеков жайлы
01
апрель
2021

Әнуар Молдабеков жайлы

Молдабеков Әнуар Молдабеков 1938 жылы мамырдың жиырмасы күні Алматы облысының Іле ауданында Комсомол совхозында өмірге келген еді. Әнуарға әке-шешесі Андрей деп ат қойған. Бірақ кейіннен жұрт оны Әнуар деп атап кетті. Әнуар өзінің саналы ғұмырында талай өнер  белестерін бағындырды. 1967 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болып, 1976 жылы Қазақстанның халық әртісі атағын алды. Әнуар балалық шағынан бері қолына домбыра ұстап ап, ән айтуда армандаған. Оның сурет салатын қабілеті де болған көрінеді. Бірақ оны өмір жолы өнер жолына алып келді. 1956 жылы консерваторияның драма бөліміне оқуға түседі. Әйткенмен ол жерде бір оқытушының көңілге қонбайтын бір әрекетін бетіне басқаны үшін оқудан шығып қалған. Оған жасымаған Әнуар Әзірбайжан Мәмбетов "Жаңа студия ашып жатыр екен» дегенді естіп, сонда барады. Сөйтіп 1958 жылы Әзербайжан Мәмбетовтің студиясына қабылданып, екі жылда бітіріп шығады. Ол алғаш рет Қарағанды төрінде сахнаға қадам басады. Сонда жүріп өзімен бірге оқыған дарынды актриса Баян Имашеваға үйленді. Екеуі қос қыз, бір ұл сүйді. Сол Қарағандыда жүріп-ақ көптеген рөлдерді сомдайды.

Әнуар 1964 жылы Алматыға оралады да, М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрына жары Баян екеуі қабылданады. Оның қалған өмірінің бәрі осы шаңырақта, осы қалада жалғаса берді. Әнуардың есімін халық арасында танылуы оның 1965 жылы жарық көрген «Ән қанатында» деген кинофильмдегі ойнаған рөлінен басталды. Ол Жаяу Мұсаның жоғары деңгейде жақсы алып шыққаны үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Осы рөлінен кейін оның аты көпке жайылды. Кино мен театрда жарқын - жарқын рөлдерді сомдап, өзінің актерлік қабілетін де шыңдай берді.

Осылайша ертеңгі жарқын болашақтың іргетасы біздің де мектепте үздіксіз 46 жыл қаланып келеді. Алматы облысы Іле ауданына танымал болған Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектептің тарихы бүгінде тереңге тартқан. 46 жылдық ғұмыры бар мектептің қабырғасы 1975 жылы қаланған. Содан бергі 46 жылдық өмірінде қыркүйекте сан мәрте бүлдіршіндерді шәкірт атандырып қабылдап алса, соншалықты мәрте канатын қатайтып, бүлдіршінгс білім эстафетасын табыстаған түлектерін ұшырып келеді, Осындай білім берудің "соқпақ жолынан» онеге, тәлім-тәрбис берудің «данғыл жолына» айналған мектебімізге 1991 жылы қоғам қайраткері, қайталанбас дарын иесі, сахна сұлтаны, өнердің жарық жұлдызына айналган, қазақ халқының маңдайына біткен біртуар азамат ұлы- Әнуар Молдабековтың есімі беріледі.

         Шығармашылығы мен марапаттары:

Сахнада Әзірбайжан Мәмбетов, кинода Шәкен Айманов секілді ірі тұлғалар Әнуарды өз­деріне жақын тұтты. Табиғи талант екенін тани білді. Оның есімі халық арасында 1965 ж. «Ән қанатында» фильмінен кейін таныла бастады. Жалпы, кинодағы ақын Мұсаның (Иса Байзақов) рөлінде ойнауға көптеген актерлер шақырылды. Алайда ол орынға С. Сейфуллин атындағы Қарағанды театрының әлі кеңінен таныла қоймаған актері Әнуар Молдабеков таңдап алынды. Алғашқы роль - алғашқы жеңіс. Мұсаның бейнесі ерекше сәтті шықты. Осы үшін Әнуар аға Молдабеков Қазақ ҚСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол осы Мұсаны алғаш ойнағанынан-ақ өзінің алысқа баратынын, талай шыңға шығатынын танытты.

1970 ж. Республиканың еңбек сіңірген артисі, артынан халық артисі деген атаққа да қол жеткізді. Бірақ бұл жерде Әнуардың сахна мен кинода жүріп алған атақтарына тіреліп тұрған ештеңе жоқ, халық оны «Ән қана­тындағы» Мұса арқылы, «Қан мен Тердегі» - Еламан, «Қыз Жібектегі» - Шеге арқылы кеңінен білді. Тіпті «Қыз Жібек» фильмінен кейін оны біраз уақыт халық Әнуар деудің орнына Шеге деп атап жүргені де белгілі.

Одан басқа А. Чеховтың «Ваня ағайындағы» бас кейіпкер Иван Войницкий ролін ойнаған. Бұл спектакль Мәскеуде де үлкен жетістікке жетті, жылы лебіздер айтылды.

Фильмдері:

«Қыз Жібек»

«Қан мен тер»

«Ән қанатында»

«Өтелмеген парыз»

«Әпкем менің Люся» (1985)