Жетістіктер » Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2021

Жетістіктер

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында жоба әзірленді. Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы барлық жетістіктер Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегімен байланысты. 

Бұл жоба жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты Қазақстан жастарына арналған.

Қатысушылар «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіреді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі. Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады.

Сондықтан жеңімпаздарға берілетін медальдар мен жоба «Елбасы Медалі» деп аталады.

Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі  бағдарламаға  КазЦИК ауылының «Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебінің директордың оқу ісі орынбасары Даирова С.Т.жетекшілігімен 10-сынып оқушысы Мухамедяров Рахат Тлеубердіұлы қатысып қола медалімен және төс белгісімен марапатталды.                                                              КазЦИК ауылдық округінің әкімі Б.А.Жумабаев марапаттады.