«Қарттарға жылулық пен қамқорлық сыйлайық!» » Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қарттарға жылулық пен қамқорлық сыйлайық!»
01
октябрь
2022

«Қарттарға жылулық пен қамқорлық сыйлайық!»


«Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде  көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу мақсатында 1 қазан халықаралық Қарттар күніне орай  26.09-01.10 аралығында апталық жоспар құрылып,бекітілді. Жоспар бойынша «Қарттарға жылулық пен қамқорлық  сыйлайық!» тақырыбында оқушылар арасында қарттарға арнап ізгі тілектер жазылған ашық хат таратылып, қадірлі қарттарымызға ұсынылды. " Менің сүйікті атам мен әжем" тақырыбында сурет көрмесі,  "Қарттар –біздің асыл қазынамыз!"  тақырыбында  сынып сағаттары, 6 « А» сынып жетекшісі С.Ә Ордабаева сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырылған "Қарттарын қадірлеген ел ардақты"атты  мерекелік концертіне қонаққа қарттарды шақыра отырып өткізді. Сонымен қатар  «Ұрпақ сабақтастығы –ұлттық құндылық» , «Связь поколений –основа духовного единства»  тақырыптарында сынып сағаттарын жопар бойынша өз мерзімінде өтті. Жоспарға сәйкес 8 "А" сыныптың оқушылары сынып жетекшілерінің басшылығымен қарттардың үйіне барып мерекемен құттықтай отырып, үйін шаруаларына көмектесіп қайтты және 7 сыныптардың оқушылары мен ата-аналары, сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен  мектебіміздің қарт ұстазы мен ауыл қартының үйіне  барып мерекемен құттықтап, мерекелік азық-түлік дорбасын сыйлыққа тартты.