Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл » Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл
02
декабрь
2022

Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл



Іле аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен №39 мектеп- гимназиясының мәжіліс залында Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінің жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, дінтанушы Тимур Нүсіпханұлымен кездесу өтті. Кездесуге аудандық Білім бөлімінің әдіскері Зарина Бақытжанқызы, КазЦик ауылдық округіне қарасты №6, №31,42 орта мектептердің директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері мен ата-аналары қатысты.
Шара барысында аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Зарина Бақытжанқызы кездесу қонағын таныстырып, Тимур Нүсіпханұлына сөз кезегін ұсынды.
Теолог ғалым өз сөзінде еліміздегі діни ахуал жайлы, жат ағымдардың дәстүрлі дінімізге кері әсері туралы жан-жақты ақпарат берді. Жастарды экстремизмнің алдын алу мақсатында дәстүрлі дінімізге баулып, адасудан сақтауымыз, дін мен дәстүрді қос қанатымыздай қатар ұстанып, тура жолдан ауытқымауды бала күннен үйретудің маңыздылына да ерекше тоқталып өтті.
Кездесуде сынып жетекшілер мен ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып,осындай кездесулер жиі мектепте ұйымдастырылса деген ұсыныс айтты.