«Кел, балалар оқылық!» » Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кел, балалар оқылық!»
01
сентябрь
2021

«Кел, балалар оқылық!»

1 қыркүйек күні «Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2021-2022 оқу жылының басталуына байланысты «Кел, балалар оқылық!» атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын 9:00-де басталып, сағат 9:40-та аяқталды. Жиынға Іле аудандық мәслихатының депутаты Сержанов Бауыржан Сержанұлы қатысты. Оқушыларды, ұстаздарды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен жиын қонағы және мектеп директоры салтанатты құттықтап, алдағы оқу жылына сәттіліктер тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар биылғы оқу жылының басты ерекшелігі «Әліппе» және «Букварь» оқулығының оралуына байланысты мектеп табалдырығын аттаған білдіршіндерге басты оқулық салтанатты түрде табысталды.Мерекелік іс-шара санитарлық талаптарды сақтай отырып, жоғары деңгейде өткізілді.