Мектеп тарихы » Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2021

Мектеп тарихы

Сахна саңлағына айналып, «өмірін өнерімен өрнектеген» Әнуар Молдабеков атындағы білім ордасы бүгінде сан алуан шәкірт саялаған алып бәйтерекке айналып, талай-талай түлектің қанатын қатайтып, үлкен өмірдің есігін аштырған, кең «дүниеге кірпіш болып қалануына» жол сілтеген білімнің алтын шаңырағына айналғанын ешкім де жоққа шығара алмас.

Кез келген адам баласы үлкен өмірге беттемес бұрын алдымен «мектеп» атты кемеге отырып, білім теңізінде жүзетіні анық. Ол кемеге небір дарынды тұлғалар да, талайды таң қалдырған, әлемді бас идірген толағайлар да, сіздер де, біз де отырғанбыз. Білім атты теңізде желкені желбіреп, талабы бен арманын бетке  ұстап жүзіп өтпеген шәкірт жоқ қой бұл өмірде. Кешегі құмда тұлымшағы желбіреп ойнап, асыққа таласқан бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттаған соң-ақ қоңырау үнімен 11 жыл уақытын осы киелі шаңырақтың қабырғасында өткізеді. Осы жылдарда адам өмірінің ең қызықты -оқушылық өмірі мен балалық балғын шағы мектептің еншісіне тиеді екен. Әрине, олай болса мектеп әр шәкірттің жүрек түкпірінен, көңіліпің ең таза парақтарыпан орын алатыны сөзсіз ғой. Тағы бір себеп мектеп шәкірттің жан-дүниесін оқып қана коймай, оның келер өміріне жолдама береді. Әрбір мектеп бітіруші түлек қиялы мен арманын ұштап, алдына қояр мақсат, міндетін айқындайды. «Талаптың тұлпарын мініп, тас қияға өрлеуді» үйреткен мектеппен қоштасып, өміріндегі мектеп пен туған ұя-жанұясы қалыптастырған адамгершіліктің сыналар сәтін көрсететін өмір атты үлкен күреске бет алады.

Осылайша ертеңгі жарқын болашақтың іргетасы біздің де мектепте үздіксіз 46 жыл қаланып келеді. Алматы облысы Іле ауданына танымал болған Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектептің тарихы бүгінде тереңге тартқан. 46 жылдық ғұмыры бар мектептің қабырғасы 1975 жылы қаланған. Содан бергі 46 жылдық өмірінде қыркүйекте сан мәрте бүлдіршіндерді шәкірт атандырып қабылдап алса, соншалықты мәрте канатын қатайтып, бүлдіршінгс білім эстафетасын табыстаған түлектерін ұшырып келеді, Осындай білім берудің "соқпақ жолынан» онеге, тәлім-тәрбис берудің «данғыл жолына» айналған мектебімізге 1991 жылы қоғам қайраткері, қайталанбас дарын иесі, сахна сұлтаны, өнердің жарық жұлдызына айналган, қазақ халқының маңдайына біткен біртуар азамат ұлы- Әнуар Молдабековтың есімі беріледі.

1975 жылы мектептің іргетасы қаланып, мектеп табалдырығын аттаған шәкірттердің қадамына шашу шашқан алғашқы директор - Махпиров Уйгур Махпирович болған.

1977-1979 ж. Джиенкулов Кеңес Ахметович

1979-1981 ж. Каспекпаев Абил Акимжанович

1981-1986 ж. Баймухамбетов Талғат Шайхисламович 

1986-2001ж. Махамбеталиев Жанұзақ Махамбеталиевич

2001-2003ж. Доненбаева Гаухар Сахатаевна

2004-2009 ж.Қилыбаева Пермекүл Бимухамбетқызы

2009-2017 ж- Ноғайбаева Анар Нұрақызы

2017 жылдан бері Касымова Алия Сырымовна