Саяжайдан қатынап оқитын оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру туралы
Кезекші мұғалімнің автобусқа оқушыларды отырғызып жатқан сәті

2021-2022 оқу жылында саяжайдан қатынап оқитын 236 оқушы бар.
Олардың ішінде: 1- ауысымда 145, екінші ауысымда 73 және үшінші ауысымда 18 оқушы қатынап оқиды. Іле аудандық білім бөлімі, ТОО «Егетай» серіктестігімен келісім шартқа орырып 2 автобус бөлді.
Автобустарды 2021 жылы техникалық байқаудан өткізген. Автобустарда арнайы жарық, дыбыс сигналдары және «БАЛАЛАР» белгісі бар. Мектепке кіретін жолда жаяу жүргіншіге арналған жолақ және «ЖАТҚАН ПОЛИЦЕЙ» бар.
Саяжайдан оқушылар « Назира және Центр» аялдамасынан отырады және қайтқанда да сол аялдамаларға апарып тастайды. Саяжайдан келетін оқушыларды автобус кестеге сәйкес алып келіп, апарып тастап отырады. Кезекші мұғалімдер қадағалайды, келген- кеткен оқушыны түгендеп жазып отырады.
Орындаған: ДОІЖО А.М. Чингисова