№6 «Ә.Молдабеков атындағы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша 29 қазан қамқоршылар күніне атқарылған жұмыс » Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №6 «Ә.Молдабеков атындағы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша 29 қазан қамқоршылар күніне атқарылған жұмыс
29
октябрь
2021

№6 «Ә.Молдабеков атындағы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша 29 қазан қамқоршылар күніне атқарылған жұмыс


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасы бойынша жыл сайын 29 қазан күні Қазақстан Республикасының аумағында «Қамқоршылар күні» мерекесі өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге және асырап бағуға алған отбасыларға алғыс білдіру, балаларды отбасына орналастырудың баламалы нысандарын көпшілікке тарату болып табылады.

2021 жылғы 29 қазанда «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  « Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде қамқоршылар күніне арналған «Мейірімі мол жандар» атты мерекелікіс-шарасы өткізілді. Мектепте 3 жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 2 оқушы білім алуда.Іс-шараға №31, 42 мектеп оқушылары мен әлеуметтік педагогтары ат салысты. №31 орта мектебінде 8 жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 2 оқушы білім алуда. №42 орта мектебінде жетім 1, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 2 оқушы білім алуда .Іс-шараға 18 қамқоршылар мен патронаттық тәрбиешілер шақырылды.

Қамқоршыларға  алғыс хаттар мен гүл шоқтары ұсынылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Әр қамқоршы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырай отырып, сауапты іс жасап отырғанын сезінді. Жетімнің жанарындағы мұңды өшіріп , жүрегіне нұр сыйлау оңай іс емес. Оған – тек балаға деген кіршіксіз махаббат пен мейірім болу керек. Бұл қасиеттер қамқоршылардың бәріне тән.Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді